Әнші Айдана Меденова жолдасымен Меккеге барып, басына орамал таға бастады. Бұл шешімі туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Айтуынша, бұл аяқ астынан жасалған шешім емес.
Бұл шешімімді түсінбей жатқандар да бар. Әрине, бұл да қалыпты нәрсе. Мүмкін кейбір адамдар «Айдана бір күнде оранып шыға келді, асығыс шешім жасады» дейтін шығар. Бірақ бұл аяқ астынан жасалған шешім емес. Бұл күнге жету үшін мен ұзақ дайындалдым,
дейді әнші.
Сондай-ақ ол 4 жылдан бері бес уақыт намаз оқитынын айтқан.
Аллаға шын сыйынсаң, намаздан кейінгі қадамға да бағыттап отырады екен. Алла маған шындықтың есігін ашты. Мен енді оны жоғалтып алмауға барымды саламын. Ол жолдан адасып қалмау үшін сыйынып келемін. Осы күнге жеткенім – менің Алланың ақ жолындағы кезекті қадамым деп білемін,
деп жазды Меденова.
Айдана осы уақытқа дейін бұл қадамды жасамауға сан себеп тауып келген, бірақ қазір ол кедергілерден өткен, ішкі қайшылықтардың бәрін жеңген.