Әлеуметтік желіде еліміздің белгілі жұлдыздары, «Халық әртісі» атанған жезтаңдай әншілеріміздің жас кезіндегі суреттері тарады.
Суреттер Батырдың Instagram парақшасында жарияланды.
18 жасымдағы сурет келді. Айбар баурыма рахмет!
деп жазды Мақпал Жүнісова.
- «Мүлде өзгермегенсіз»
- «Сол қасыңыз, сол шашыңыз«
- «Сол келбетіңізді сақтап қалғансыз»
- «Әндеріңізді сүйіп тыңдаймыз»
- «Сізге қызығып, еліктеп өстік» — деп сүйсінді желідегілер.
29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған Роза Рымбаеваның жас кезі.
- «Керемет әнші, теңдесіз сұлу»
- «Шынайы еңбегімен танылған жан»
- «Қазақ елінің мақтанышы, рухы биік, кәсіби әнші»
- «Өте әдемі қарапайым әйел», — деп жазды тыңдармандар.
Күміскөмей әнші, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың жас кезі
Әнші ретінде бағымды ашқан – Өзбекстан!
деп айтқан еді өзі.
Роза Бағланованың сұлулығына еліткен бір Хрущев емес, олардың қатарында шетелдің мемлекет басшылары, маршалдар, генералдар, хатшылар, колхоз председательдері, совхоз директорлары, шахтерлар, қарапайым азаматтар да болған.
- «Керемет табиғи сұлулық»
- «Әдемі де, талантты, дауысы керемет болған еді»
- «Сұлудың сұлуы болған жан»
- «Сырдың қыздары өте табиғи сұлу ғой…, деп пікірлер қалдырыпты оқырмандар.