Квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Елордада белгілі кәсіпкердің қамауға алу мерзімін қазан айына дейін ұзартты.
2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты,
делінген қалалық сот хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда кәсіпкер Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.