Ол Шығыс Қазақстан облысындағы No22 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде алты жыл жазасын өтейді. Онда арнайы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері бар жазасын өтеп жатыр.
Қайрат Сатыбалдыұлын наурызда жеке ұшағымен елден шықпақ болған кезде ұсталған болатын.
Қыркүйектің соңында сот оны аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танып, генерал-майор шенінен және мемлекеттік наградаларынан айырды. Оған қоса алты жыл бас бостандығынан айырылды.