Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колонияда төбелес болып, 4 адам жарақат алды.
14 шілдеде ШҚО бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде әкімшілік қызметкерлері тұрмыстық негізде туындаған төбелесті тоқтатты. Факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, жедел-тергеу тобы шақырылған.
Қызметтік тергеу жүргізілуде. Жанжал барысында төрт сотталушы жеңіл жарақат алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді,
деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жанжал шығарғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, изоляторға қамалды.