Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > Айтыскер Айшолпан Тілеутай Тұрсынбек Қабатовтың әйелімен жанжалдасып қалды
Әлеуметтік желіге шолу

Айтыскер Айшолпан Тілеутай Тұрсынбек Қабатовтың әйелімен жанжалдасып қалды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 17.05.2023
Обновлено 17.05.2023 в 10:05
Поделиться
Сурет: El.kz
Поделиться

Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай бұрынғы продюсері Мөлдір Мұқановамен жанжалдасып қалды. Мөлдір Мұқанова бұрынғы қамқорлығындағы айтыскердің жауапсыздығын меңзеп, сұхбат берген.

Мазмұны
Жоғалып кеттіБес талапты да орындамады

Жоғалып кетті

Айшолпан маған өзі келді. Халыққа ренжи береді екен. Өзінің жерлес айтыскер әпкерлері – Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысоваға деген ренішін айтты. Әңгіме арасында негізі сол кісілер қолдау керек еді, бірақ сіз көмектесіп жүрсіз деп қалатын.  Сөйтіп, 5 жылға келісімшарт жасап, продюсері болдым,

дейді Мөлдір Мұқанова журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, келісімшарттан екі пункттен алып тастаған. Біреуі – күйеуге шығуға болады, екіншісі – салмақ қоса берсең де ештеңе айтпаймын деген рұқсат.

Салмақ қоспау туралы шарт болса да, орындалмас еді (күлді). Басында барлығы әдемі болды. Концерттерге шықты.  Бір күні сосын Айшолпан жоғалып кетті. Таппай қалдық. Сосын 3-4 күннен кейін жылап-еңіреп келді. «Кешіріңіз, қателестім, қайтадан жұмыс істейік» деп айтты. «Жарайды» деп кешірдім,

дейді продюсер.

Оның айтуынша, Айшолпан бұдан кейін тағы бір рет жоқ болып кеткен. Телефонын бәрін өшіріп тастайды екен.

Сол уақытта не істейтінін білмеймін. Өзінің жеке өмірі. Жас қыз, тұрмысқа шығуы керек. Бұлай жүруіне болмайды. Ел алдында  жүрген адам жоқ болып кеткенде не істейтінін білсем де айта алмаймын,

дейді Мөлдір Мұқанова.

Бес талапты да орындамады

Айтыскер Айшолпан Тілеутай экс-продюсерінің бұл мәлімдемесімен келіспеді, айтуынша жоқ болып кетуінің өз себебі бар — Мөлдір ханым айтыскерге ақша төлемеген. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Бұл — тағы да әділдік талап ететін видео. Мен бұған жауап бермейін деп едім, алайда оқырмандар сұранысы бойынша жауап беруге тура келді. Менің бұрынғы продюсерім, атақты Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір ханым маған жала жауып, сұхбат бергенін барлығыңыз көрдіңіздер. Жанындағы журналистер менің дене бітіміме тиісіп, мысқылдап күліп отырғанына қатты намысым ұстап, жүрегім ауырды. Менің де намысым бар, оны таптатпайтын қызбын. Өткенде айтқандай мен ешкімнен қорықпаймын. Астанаға арман қуып келдім. Жас болған соң, бойымда жалын болған соң Астанаға келдім. Әкем — күзетші, анам — ұстаз. Сіздер сияқты асып-тасып жатқан байлығым жоқ. Ата-анамның үмітін ақтау үшін  Астанаға келдім. Мөлдір ханымға жылап-еңіреп бармадым, Мөлдір ханым маған келіп, жұмыс істеуді ұсынды,

дейді ол видеода. 

Ақынның айтуынша, Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқанова келісімшартта көрсетілген талаптарды орындамаған, айлық төлемеген. 

«Астанада мені қолдайтын, қорғатын адам бар екен деп келісімшартқа отырдық. Келісімшарт бойынша Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым «Әзіл әлеміне» шығарып, киноға түсіру керек еді, концертпен және киіммен қамтамасыз етіп, айлығымды уақытылы төлеп отыруы керек болатын. Өкінішке қарай, бұл кісілер 5 талаптың біреуін де орындаған жоқ.  Мені жаз бойы бай-манаптардың, министрлердің тойына тегін салып, аяғында ақшамды бермей қойды. Бір министр ағамыз домбыра сыйлаған еді, оны Мөлдір ханым «саған бере алмаймын, мен арқылы алдың деп өзінің үйіне қойды». «Осындай адамдармен қалай жұмыс істеймін» деп телефонымды алмай қойдым. «Айшолпанға бір костюм тігіп берген едім, сол костюмді әлі киіп жүр» дегенін естідім. Мөлдір ханым, егер сіз проектке костюм тігіп берсеңіз, ол сіздің продюсерлік міндетіңіз. Егер костюм тігіп бере алмасаңыз, продюсер болмай-ақ қойыңыз. Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым, маған төлемеген айлықпен байып кете қойыңыздар. Менің мазамды алмаңыздар, аяқтан шалмаңызар, өтірік айтып бай-балам салмаңыздар», — дейді өнер иесі.

ТЕГи: Трендте
Анара Бауыржанқызы 17.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?