Брюс Уиллисте маңдай-шекелік деменция анықталды. Бұл туралы Голливуд актерінің отбасы хабарлады. Бұл мидың ауыр және емделмейтін ауруы, ойлау қабілетіне теріс әсер етеді.
Өткен көктемде 67 жастағы Уиллиске афазия диагнозы қойылды, бұл сөйлеу бұзылыстарын тудырды, алайда ауру өршіп кетті, енді диагнозды нақтылау мүмкіндігі туды, деді актердің туыстары. Олар бұл ауруға қоғамның назарын аудару үмітімен оның диагнозын жариялауға шешім қабылдады.
Жағажайда күлімдеп тұрған Уиллистің суретімен қоса жарияланған мәлімдемеде қазіргі уақытта бұл ауруды емдеудің ешқандай әдісі жоқ екендігі айтылған.
Өкінішке қарай, сөйлеуден қиналу Брюс шалдыққан аурудың белгілерінің бірі ғана. Бұл ауыр болса да, нақты диагноздың қойылғаны алаңымызды біраз басты,
делінген отбасының мәлімдемесінде.
Маңдай-шеке деменциясына шалдыққан науқастарда қозғалыстың қиындауы байқалады, кейінірек – зәр шығаруды бақылауды жоғалту және бұлшықеттердің әлсіреуі өршиді.
Брюс Уиллис «Қатты жаңғақ», «Алтыншы сезім», «Армагеддон» және «Криминалды оқулық» блокбастерлеріндегі рөлдерімен бүкіл әлемге танымал болды. Ол «Алтын глобус» және екі Эмми сыйлығының иегері.