Актриса әрі блогер Әсел Асқардың екінші баласы шетінеп кетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялады.
Балам мені тастап кетті. Күнім менің. Сен мәңгілік жүрегімдесің. Анаң көп ұзамай барады,
деп жазды актриса.
Бұған дейін блогер Instagram-дағы оқырмандарына баласы жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан. Айтуынша, ұлы Айбарыс жүрек жеткіліксіздігімен туған. Бұл диагнозды бала іште жатқан кезде емес, туғаннан кейін қойған.
Айта кету керек, блогердің екінші баласы биыл ақпан айының басында дүниеге келген болатын.