Интернет-алаяқтықтың ең көп тіркелуі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында байқалады.
Жыл басынан бері елімізде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
571 интернет-алаяқ ұсталып, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Қылмыскерлердің кесірінен 7 млрд теңге шығын келтірілді,
ІІМ баспасөз қызметі.
Қылмыскерлер азаматтардың банктік карталары мен депозиттеріне қол жеткізу үшін түрлі әдістерді қолданады. Мысалы олар қоңырау шалып, өздерін банк өкілі ретінде таныстырады. Артынша күдікті төлемдер немесе аударымдар болғанын хабарлайды. Басқа жағдайда жарнама орналастырған адамға жазып, сатып алуға ниет білдіреді. Кейін өзін басқа қалада екенін айтып, төлемді жасау үшін өзінің банктік реквизиттерін көрсетеді. Бұдан бөлек қазақстандықтар құрылғыларына әр түрлі күдікті қосымшалар орнатып үлгерген.
ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескертулер сипатындағы SMS-тер жіберуді бастады.
Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы жедел ақпарат азаматтарға жіберіліп жатыр,
деп түйіндеді ол