Алаяқтар қазақстандықтарды 7 млрд теңгеге алдап соққан

Интернет-алаяқтықтың ең көп тіркелуі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында байқалады.

Жыл басынан бері елімізде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

571 интернет-алаяқ ұсталып, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Қылмыскерлердің кесірінен 7 млрд теңге шығын келтірілді,

ІІМ баспасөз қызметі.

Қылмыскерлер азаматтардың банктік карталары мен депозиттеріне қол жеткізу үшін түрлі әдістерді қолданады. Мысалы олар қоңырау шалып, өздерін банк өкілі ретінде таныстырады. Артынша күдікті төлемдер немесе аударымдар болғанын хабарлайды.  Басқа жағдайда жарнама орналастырған адамға жазып, сатып алуға ниет білдіреді. Кейін өзін басқа қалада екенін айтып, төлемді жасау үшін өзінің банктік реквизиттерін көрсетеді. Бұдан бөлек қазақстандықтар құрылғыларына әр түрлі күдікті қосымшалар орнатып үлгерген.

ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескертулер сипатындағы SMS-тер жіберуді бастады.

Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы жедел ақпарат азаматтарға жіберіліп жатыр,

деп түйіндеді ол
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago