Қарағанды ​​облысында өткен тәулікте үш жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жол ережесін бұзған жүргізушінің кесірінен жазықсыз адам көз жұмды.

13 тамыз күні сағат 20:10-да «Ялта- Құлайғыр» тас жолында Toyota Previa автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora-ның 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Lexus көлігінің жүргізушісі ережені бұзбай қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Сол күні сағат 13:10-да «Қарағанды – Балқаш» тас жолында 42 жастағы Багем көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, 63 жастағы азаматтың басқаруындағы Lexus көлігімен соқтығысқан. Екі автокөліктің жүргізушілері әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, Lexus автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қарсы бағытқа шығып, адам өмірін қиғаны үшін екінші жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.  Ол ауруханада жатыр, шыққан соң жауапқа тартылады.

13 тамыз күні түнгі сағат 01:30 шамасында «Ақсу – Аюлы – Ағадыр» тас жолында Ағадыр кентінен 30 шақырым жерде 20 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, Ағадыр кентіне бағыт алып бара жатып, рөлге ие бола алмай арыққа ұшып кеткен. Көліктегі екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,

деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago