Бұл – «Отбасы банктің» басшысы Ләззат Ибрагимованың кеңесі.
Qazaqstan ұлттық арнасы «Баспананы қай кезде сатып алған тиімді?» деп сауал қойған екен.
Тұрғын үй нарығында баға төмендеп жатыр. Қазір сауда көлемі айтарлықтай азайған. Мәліметтерге сәйкес өткен айда 26 мыңға жуық жылжымайтын мүлік сатылған. Бұл сәуірге қарағанда әлдеқайда аз. Ал сұраныс азайса, бағаның төмендейтіні белгілі.
Алдағы сегіз, тоғыз ай баспана сатып алуға өте тиімді уақыт. Өйткені сұраныс төмен болғандықтан құрылыс компаниялары түрлі жеңілдіктерді ұсынатын болады. Ал бір жылдан кейін нарықта сұраныс қайта жанданады. Ол кезде шаршы метр құны қайта қымбаттауы ғажап емес,
Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банктің» Басқарма төрайымы.