Алла Пугачёва Ресей билігінен өзін «шетел агенті» тізіміне қосуды сұрады

Ресейдің танымал әншісі Алла Пугачёва 18 қыркүйекте әлеуметтік желіде пост жариялап, Ресей билігінен өзін «шетел агенті» тізіміне қосуды сұрады. Әнші Ресейдің Украинаға басқыншылығы туралы алғаш рет пікірін ашық жеткізіп, соғысқа қарсы шыққан күйеуі Максим Галкинді қолдады, деп жазды Азаттық радиосы.

«Мен күйеуімді қолдаймын, адал, парасатты, шыншыл, Ресейдің нағыз, ешкімге сатылмайтын патриоты, отанына тек игілік, бейбіт өмір мен сөз еркіндігін тілейтін күйеуіммен біргемін,

деп жазды Пугачева Ресей әділет министрлігіне бағыттаған жазбасында.

16 қыркүйекте Ресей әділет министрлігі Алла Пугачеваның күйеуі, әртіс, тележүргізуші Максим Галкинді «шетел агенті» тізіміне қосқан. Ведомствоның жазуынша, Галкин саяси қызметпен айналысып, сол әрекеті үшін Украинадан ақша алған.

Ресей басқыншылығының алғашқы күндерінен-ақ Галкин соғысты айыптаған.

Ол Израильде концерт өткізіп, жиналған қаржыны украин босқындарына көмек ретінде беретінін айтқан.

Қыркүйектің басында президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Галкин «өте нашар мәлімдеме жасады» деп мәлімдеп, «біздің жолымыз түйіспейтіні анық» деп айтқан.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Максим Галкин мен Алла Пугачева балаларымен бірге Ресейден кеткен. Галкин шетелде жүріп, Ресейдің әрекетін қатаң сынаған. Ал оған дейін әртіс Ресей басшысы Владимир Путинге бірнеше рет пародия жасаған. 2019 жылғы сұхбатында ол бұлай істеуден қорықпайтынын жеткізген.

2022 жылы тамызда Пугачеваның екі баласымен Ресейге келгені хабарланды. 4 қыркүйекте Пугачеваның Инстаграмдағы парақшасында СССР-дың бұрынғы басшысы Михаил Горбачевтің өлімі жайлы жазба пайда болды. Оған дейін әнші саясаткермен қоштасу рәсіміне қатысқан.

Әнші саясаткерлер қателік жасай береді, ең бастысы адамзатты тұтас құрдымға әкетпесе болғаны деді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago