Алматы апортын қазақстандық бренд ретінде ресми тіркеу жоспарланып отыр.
Журналистер Алматы алмасы халықаралық деңгейде қазақстандық бренд ретінде қашан тіркелетінін сұрады. Олар президент мұндай тапсырманы 2019 жылы бергенін еске алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Әділет министрлігі «Алматы апорты» географиялық көрсеткішін қазақстандық бренд ретінде біріктіру жұмыстарын жүргізуде. Біз апорт өндірушілердің тиісті қауымдастығымен мәселені пысықтадық, олар әділет органдарына тиісті өтініш берді,
деді Азамат Есқараев.
Зияткерлік меншікке қатысты мәселелер тез шешілмейді. Төрт айдан кейін Алматы апорты қазақстандық бренд ретінде тіркеледі. Содан кейін тиісті бірлестік қорғауға беру үшін құжаттарды жинайды және Алматы апортын халықаралық аренада географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу керек.
Жиырмасыншы ғасырдың басында Алматыдағы апорт алмасын өсіру шаруашылығы Ресейдің барлық аудандарына таралып, 1900 жылы Париж қаласында өткен Бүкіләлемдік көрмеде ең жоғарғы бағаға ие болды. Алматының апорты халық арасында алманың ең жоғарғы сорты болып есептелді.
Бүгінгі күні апорт нарықта өте сирек кездеседі. Өйткені алма бақтар жекешелендіру кезінде қараусыз қалып немесе алма бақтарының орынына басқа нысандар салынған. 1970-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3 851 193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызы Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1 965 795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1 418 988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен.
Шетел ғалымдарын қазiр апорт алмасымен қатар жабайы алмаға да назар аудара бастады. Өйткенi, апорттың арғы атасы – жабайы алма. Америка ғалымдарының бiздiң ғалымдарымызбен он екi жылға шарт жасасып, жабайы алма тұқымын сақтап қалу үшiн 3 миллион доллар қаржы бөлген.