Categories: Денсаулық

Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталды

Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматы АИТВ орталығының мамандары Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ жұқтырған үш жағдайды анықтады.

Анықталған деректер негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұйрығымен 2 маусымда ҚДСБ басшысының орынбасары және Алматы ЖИТС орталығы қызметкерлері төрағалығымен комиссия құрылды. Комиссия АИТВ-инфекциясының берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізді, донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдар тексерілді,

делінген хабарламада.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тексерілгендердің нәтижесі теріс екені расталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде 13 маусымда комиссия қорытындысы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. 14 маусымда департамент Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, ауруханыны жоспардан тыс тексеруді бастады.

Тексеріс нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайтыны хабарланады.

Айта кетейік, 2020 жылы да бұл ауруханада дау шықты. Аурухана қызметкерлері коронавирус жұқтырды. Содан кейін аурухананың 147 қызметкерінде осындай жағдай расталды. Кейін Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Жұбашев қызметінен босатылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago