Қозғалтқыш көлемі 50 кубтан аспайтын мопед есепке қойылуы мүмкін.
Қала әкімімен кездескен Алмалы ауданының тұрғындары самокатшылар мәселесін тағы көтерді, деп жазады kolesa.kz.
«Курьерлер мініп жүрген қозғалтқыш көлемі 50 кубтан аспайтын мопедтер көлік құралы ретінде тіркелсін деген ұсыныс жасадық. Қазір полиция оларға айыппұл сала алмайды, өйткені олардың заңды статусы жоқ»,
деді Ерболат Досаев.
Мегаполис әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мопедшілер жайлы ұсынысты қазір мәжіліс пен ІІМ өкілдерінен құралған жұмыс тобы қарап жатқанын айтты. Ал заңға электросамокатқа қатысты өзгеріс енгізу жобасы сенатқа жолданды.