Алматы оқушылары мен студенттері ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.
Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды,
делінген хабарламада.