Алматының шынайы келбеті осы. Қоғамдық дәретханалар жұмыс істемейді. Саябақтар тас қараңғы. Медеу баспалдағы да жарықсыз тұр. Төменгі бөлігі ғана жарықтанған, жоғарыға көтерілу үшін телефон шамын жағуға тура келеді. Әйтпесе, ыңғайсыз салынған баспалдақтан құлап, денсаулығыңа зиян келтіріп аласың. «Терренкур» жағалауында да жарықты үнемдеп отырмыз.
Одан бөлек қаламыздың экологиялық ахуалы күн санап нашарлап барады. Адамдар табиғатты ластауын тоқтатар емес. Тыйым салынған жерлерге қоқыс тастайтындары өз алдына, ал толып сыртына шашылып жатқан қоқыстарға кім жауапты? Әкімішілік қызметкерлер не істеп жүр?
Серуендейтін саябақтардан бастап, қарапайым үй алаңдары бақылаусыз қалған. Халыққа «қой» дейтін адам жоқ, қолданатын шара жоқ. Жауапкершіліктен жұрдаймыз. Ұяттан безгенбіз. «Сырты бүтін, іші түтін» позициясынан қашан арыламыз? Қала тазалығына әкімшілік жауап бере алмаса,
бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып өзіміз қолға алатын уақыт туған шығар.
Бұл қаланың жоғарғы жағы. Халық жиі демалатын «Терренкур».


Енді қаланың төменгі бөлігіне барсаңыз тіпті қоқыстан көз аша алмайсыз.
Бұдан бұрын, қоғамдық дәретханалар мәселесін көтердік. Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз.
Тастақ базарының маңайы, Толе би көшесінің төменгі бөлігі , әсіресе Түркебаева көшесінің бойын ешкім, ешқашан тазаламайды. Қоқысқа көше бойы толып қалған. Жолдың бойы бос пластик бөтелкелер мен пакеттер, қағаз мен түрмыстық қалдықтар үйінділеріне толып тұр. Қала немесе аудан әкімшілігі көңіл бөлсе екен дейміз