Қызылту ауылындағы мектепте 788 орын бар, бірақ қазір онда екі мыңға жуық бала білім алып жаты. Бұл турады Stan.kz хабарлады.
Қызылтудағы мектеп — бірнеше ауылдың балалары баратын оқу ордасы. Алайда жергілікті билік мектеп автобустары мәселесі бас қатырғысы келмейді. Ал ауыл мен қала арасында қатынайтын жалғыз қоғамдық көлік жүргізушілері көшеден күткен балаларға тоқтамайды екен.
Кейде жүргізушілер мектеп оқушыларын көргенде, аялдамаларға да тоқтамайды. Ал автобустар аз. Біздің мектепке көрші ауылдардан көп балалар келеді,
дейді Қызылту ауылының тұрғыны Тоғжан Мұқашқызы.
Мектеп әкімшілігі оқу орнынан кабинет жетпегендіктен кей сабақты онлайн, ал кейбірін акт залында өткізуге мәжбүр екенін айтты. Биылғы оқу жылында аудандағы тағы бір мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқандықтан, бала саны күрт артқан, бұл жағдай уақытша деседі. Алайда бұл жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын ешкім нақты айта алмайды.
Аудан әкімдігі тағы бір мектеп ашу жоспары бар екенін, бірақ құрылыс 2023 жылға дейін басталмауы мүмкін екенін айтты. Ал, мектеп көлігі мәселесін екінші тоқсанда шешеміз деп уәде беріп отыр.
600 орындық жаңа мектепке келетін болсақ, жер телімін, жобалық-сметалық құжаттарын дайындап қойдық. Балаларды тасымалдауға келсек, 19 қазанда тендерге өтінім бердік,
деп түсіндірді Панфилов ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәуле Мықтыбаева.