Алматы облысында үш жасар бала балабақшада кәріз құдығына түсіп, көз жұмды. Мұны Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
13 қыркүйек сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында үш жастағы бала балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлаған. Ол ауылдық ауруханада мерт болды.
Аталған дерек ҚК 141-бабының 2-бөлігі “Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау” бойынша полицияда тіркелді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде,
деп хабарлады ПД өкілі.
Тергеу барысын Әленов жеке бақылауына алғанын мәлімдеді. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.