Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде күніне жалпы көлемі 29 мың текше метр болатын 18 рет қар көшкіні болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
Департаменттің сөзінше, көшкін салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Десе де мамандар азаматтарға әлі қауіп бар екенін ескертеді.
Алматылықтар мен қала қонақтарға қалалық медиабордтар арқылы таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі туралы хабарламалар таратылып, СМС хабарламалар жіберіліп жатыр. ТЖД және Казселезащита бұл уақытта таулы аймақтарға бармауды, тік қарлы беткейлерден сақ болуды, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаудан асып кетпеуді ұсынады. Қар көшкіні қаупі әлі де бар,
деді Төтенше жағдай департаменті.
Сонымен қатар өзендердегі температураның жоғарылауына байланысты мұз қататыны хабарланды. Ұзақ уақытқа созылған аяз және кенеттен жылыну қар үйінділерінің (мұзды-сулы сел) пайда болуына және көшуіне әкелуі мүмкін.
Алдағы күндері қар құрсауы пайда болуы және көшу қаупі бар. Алматының тұрғындары мен қонақтары өзен арналарына (Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы) жақын бармауы керек. Балаларды көшеде қараусыз қалдырмаңыз, көлікті өзен арнасына жақын жерге қоймаңыз,
деп ескертті «Казселезащита» және ТЖД мамандары.