Жұмыссыз жастардың көбі Алматы қаласында жүр: 13 мың адам.
Бұл былтырғыдан 7,7% көп.
Одан кейінгі орында Астана (8,6 мың, 1,1% азайған) және Алматы облысы (8,5 мың, 15,7% көбейген).
Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытауда (509 адам), сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан (әрқайсысы 1,1 мың) облыстарында. Ескерту: бұл өңірлерде жалпы жастар салыстырмалы түрде аз, сондықтан көрсеткіштер осындай.
Жұмыссыз жастар санының ең көп өсімі Маңғыстау облысында байқалды: бір жылда бірден 2,3 есе, 4,5 мың адамға дейін көбейген. Ең көп азайғаны Түркістан облысы: 65,1%, 2,6 мың адамға дейін.