Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Кейбір БАҚ жазуынша, бала спорттық жарысқа қатысу үшін Атыраудан келген.