Көрмеде он алты баланың “Mаусым” жобасында салған суреттері қойылған.
Мұндағы мақсат – қаңтар оқиғасы кезінде асыраушысынан айырылған балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау.
Іс-шара үш күнге созылды: 16,17,18 маусым күндері. Көрменің соңында аукцион өткізіліп, суреттер сатылымға шығарылды. Түскен ақша толығымен сурет авторларына беріледі.
Картиналардың бастапқы бағасы 10 000 теңге. Қалған суреттерді mausym.art парақшасынан көре аласыздар.