Олардың ісін Бостандық ауданының No2 аудандық соты қарады. Сот тергеуі барысында сотталушылардың 4-5 қаңтар аралығында қаланың әр жерінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны анықталды:
- тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемдегі ұрлық жасаған;
- ірі залал келтірген автокөліктерді ұрлаған;
- қауiптi өндiрiстiк объектiнiң, сондай-ақ арнайы органдар күзетiп отырған басқа да объектiлердiң аумағына заңсыз енген.
Бұл айтарлықтай шығынға және басқа да ауыр зардаптарға әкелді.
Сондай-ақ, олардың алдын ала келісім бойынша атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аудандағы тәртіпсіздіктер кезінде бір топ адамдар алдын ала сөз байласу арқылы шенеуніктер мүлкін бүлдірумен және жоюмен залал келтіргені анықталды.
Сот үкімі 20 азаматқа Рақымшылық жасау туралы заң қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалды. 4 тұлғаға Рақымшылық туралы заң қолданылып, осыған байланысты олар жазадан босатылды. 1 азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды,
делінген хабарламада.