Алматы қаласындағы Александр Невский шіркеуінің ауласына Александр Невскийдің ескерткіші қойылды.
Әлеуметтік желіде ресейлік қолбасшыға ескерткіш орнатылуына қатты қарсылық болғанына қарамастан.
Дінтанушы Ерлік Бірлікбаев ескерткішті атсыз орнатуды ұсынған.
«Православие Невскийді әулие ретінде қабылдайды, өйткені ол православиелік сенім мен Ресейдегі православие ғибадатханаларын сақтап қалған. Сонымен қатар, Александр Невский Алтын Орданың адал вассалы ретінде орыс жерінен алым төледі. Ендеше оны әскери құрал-жабдықтарсыз (ол кезде жылқы ең алдымен жауынгерлік белгі болатын) кішіпейіл етіп көрсетейік. Неліктен Беларусьтің Витебск қаласында әйелі ханшайым Александра Полоцкаямен және олардың тұңғышы Василиймен бірге бейнеленген Невскийге Алматыда да ескерткіш орнатпасқа. Невскийдің ескерткішін Ресей мен Беларусь қалаларындағы храмдардағыдай атсыз қоюға болады», – дейді ол.
Тарихшы-заңгер Руслан Түсіпбеков Орыс православие шіркеуінің Қазақстанда мұндай ескерткіш орнатуға ұмтылуын «қазақтарды қорлау» деп атады.
«Бұл әрекет қазақтарды қорлауды екені ақиқат. Мақсат — олардың ұлы, көшбасшы, ал біздерді вассалдар және ізбасарлар екенімізге сендіру. Шындығында бәрі керісінше. Оларға мемлекет сыйлаған ата-бабаларымыз. Яғни, Алтын Орданың тікелей ұрпағы біз — әртүрлі князьдіктерден қазіргі Ресей деп аталатын жерді құруға көмектескен адамдар. Бұл тарихи шындық. Олар бәрі керісінше болды деп сендіргісі келеді», — деген еді ол facebook парақшасында.