Categories: Тарих

Алматыда Александр Невскийге ескерткіш қойылды

Алматы қаласындағы Александр Невский шіркеуінің ауласына Александр Невскийдің ескерткіші қойылды.

Әлеуметтік желіде ресейлік қолбасшыға ескерткіш орнатылуына қатты қарсылық болғанына қарамастан.

Дінтанушы Ерлік Бірлікбаев ескерткішті атсыз орнатуды ұсынған.

«Православие Невскийді әулие ретінде қабылдайды, өйткені ол православиелік сенім мен Ресейдегі православие ғибадатханаларын сақтап қалған. Сонымен қатар, Александр Невский Алтын Орданың адал вассалы ретінде орыс жерінен алым төледі. Ендеше оны әскери құрал-жабдықтарсыз (ол кезде жылқы ең алдымен жауынгерлік белгі болатын) кішіпейіл етіп көрсетейік. Неліктен Беларусьтің Витебск қаласында әйелі ханшайым Александра Полоцкаямен және олардың тұңғышы Василиймен бірге бейнеленген Невскийге Алматыда да ескерткіш орнатпасқа. Невскийдің ескерткішін Ресей мен Беларусь қалаларындағы храмдардағыдай атсыз қоюға болады», – дейді ол.

Тарихшы-заңгер Руслан Түсіпбеков Орыс православие шіркеуінің Қазақстанда мұндай ескерткіш орнатуға ұмтылуын «қазақтарды қорлау» деп атады.

«Бұл әрекет қазақтарды қорлауды екені ақиқат. Мақсат — олардың ұлы, көшбасшы, ал біздерді вассалдар және ізбасарлар екенімізге сендіру. Шындығында бәрі керісінше. Оларға мемлекет сыйлаған ата-бабаларымыз. Яғни, Алтын Орданың тікелей ұрпағы біз — әртүрлі князьдіктерден қазіргі Ресей деп аталатын жерді құруға көмектескен адамдар. Бұл тарихи шындық. Олар бәрі керісінше болды деп сендіргісі келеді», — деген еді ол facebook парақшасында.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

17 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago