Синоптиктер Алматыда қашан аяз басылатынын айтты.
- 21 ақпанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 6-8 градус аяз.
- 22 ақпанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 3-5 градус аяз.
- Жұма, 23 ақпанда Алматыда қар жауады деп күтіледі. Түнде тұман. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 1-3 градус аяз.