БАКАД жолымен жүру ақылы болады. Бірақ нақты тарифтер әлі бекітілген жоқ.
Сол себепті алғашқы апталарда халық бұл жолмен тегін жүріп көре алады.
QazAutoJol ұлттық компаниясы алғашқы апталарда айналма жолмен жүрген халықтан ақша алмай, біраз шыдай тұратын сияқты.
Қаланың солтүстік шекарасын бойлай батыстан шығысқа қарай созылған, орталықтан 20-25 шақырым қашықтықтағы, ұзындығы 66 шақырымдық БАКАД (қазақшасы ҮАААЖ болса керек) жолында көлік қозғалысы ашылғалы тұр.
БАКАД-пен жүруге осы жұма, 16 маусымда рұқсат етіледі,
Kolesa.kz редакциясының хабарлауынша
Егер бұған дейін жарияланған бағалар бекітілсе,
онда БАКАД жолымен жүру құны жеңіл автокөліктер үшін 0,07 АЕК немесе 241,5 теңге, ал автобустар мен жүк көліктері үшін сыйымдылығы мен салмағына байланысты 0,12-ден 0,72 АЕК-ке дейін, немесе 414-тен 2484 теңгеге дейін жетпек.
Сондай-ақ, БАКАД-тың маңайында тұратын, жолмен күнде жүретін жүргізушілерге абонементтер сатылуы мүмкін.