Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
26.09.2023
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
26.09.2023
Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
25.09.2023
Алматы облысы мәдениет және архив басқармасында басшы ауысты
25.09.2023
Сириядан соғысқан Ұлытау тұрғынына үкім шықты
25.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Алматыда балабақшадағы үш жасар қызды қорлағандар жазаланбай отыр
ОқиғаҚоғам

Алматыда балабақшадағы үш жасар қызды қорлағандар жазаланбай отыр

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 13.09.2023
Обновлено 13.09.2023 в 03:09
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Алматы тұрғыны балабақшаға апарған үш жастағы қызының айуандыққа тап болғанын айтып, жаға ұстатар жайтты жайып салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Балабақша бастығының бассыздығына шағымданған жалғызбасты ананың сөзінше, тәрбиешілер  мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемесіне жүрген қызының жыныс мүшесінен қан кеткенін айтып, шақырған.  Бүлдіршін расымен де көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер баланы шұғыл ауруханаға алып кеткен.

Мен сіздерден көмек сұраймын, басқа қайда шағымданарымды, қайда барарымды білмеймін.  Оқиға 2023 жылдың 3 маусымында болды. Мен 3 жасар қызымды Алматы қаласы, Мамыр 4, 207 үй, «Хэппи кидс» деп аталатын жекеменшік балабақшаға алып келдім. Таңғы 7:50 де әкеліп, тәрбиешіге тапсырып, жұмысыма кеттім. 9:30-да маған бала күтуші хабарласып, шошынған дауыспен «қызыңның етеккірі келіп жатыр деді. Олардың сөзінше менің 3 жасар қызымның етеккірі келген.

Мен дереу жедел жәрдем шақыруын сұрадым да, жұмыстан жылдам шықтым. Мен жеткен кезде қызымды жедел жәрдем қызметкерлері қарап, №2 қалалық ауруханаға алып кетіп бара жатты. Не болды деп сұрап жаттым. Ешкім жауап бермеді. Не болғанын білмейді. Хирург қарап, қызымның жыныс мүшесінің (рассечение малых половых губ) 3, 4 сантиметрге кесілгенін айтты.

Оқиғадан соң сот-медициналық экспертиза жасалған. Ал балабақша басшысы бейнебақылау камерасындағы жазбаны ауыстырып тастаған, көрсетпеген. Тіптен бүлдіршіннің ішкиімін де жуып, із қалдырмауға тырысқан көрінеді.

Қызым екі күн кіші дәретке шыға алмай қалды. Апта бойы жылады, дәретке отырған сайын ауырды деп қатты жылайтын. Қазір балабақшаның директоры да, басқасы да кешірім сұраған жоқ. Керісінше мені кінәлап отыр. Менің жалғызбасты ана екенімді біледі. Ешкімнен көмек сұрамайтынымды, маған ешкімнің ара түспейтінін біледі.

Директор «өзің қызыңды жаралап алып келгенсің деп отыр. Оның сөзінше, баламды балабақшаға тастап, жұмысқа кетіппін. Маған хабарласқан кезде, «балам сіздерде кешке дейін жүре тұрсын, мен  жұмысымды бітіріп, келіп алып кетемін» деппін. Мен оқиға болған жерден видеобақылауды көрсетуді сұрадым. Бірақ олар жоқ деп отыр. Сол күні олар камераларды ауыстырып тастаған.

Маған түрлі жала жауып, «қызыңның гигиенасына дұрыс қарамағансың» деп жатыр. Қызымның ішкиімін жумай беріңдер дедім, бірақ олар жуып тастаған. Бірақ сонда да қанның ізі тұрды. Балам көп қан жоғалтқан. Осы күнге дейін балама не болғанын білмеймін. Қызым қазірдің өзінде дұрыстап қаратпайды. Әлі күнге дейін жараның ізі білінеді.

Ал Алматы қалалық Білім басқармасы жекеменшік балабақшаны тексере алмайтындарын айтып отыр. Жекеменшік әріптестік негізде ай сайын мемлекеттен қыруар қаржы алатын балабақшаны тексеруге басқарма қауқарсыз.

Өкінішке орай тексере алмаймыз. Біз өз тарапымыздан Білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне хат жолдадық, тексеріс ұйымдастырса, маман бөлуге дайынбыз,

деді басқарма басшысы.

Полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Аталған дерек Әуезов  аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК 140-бабы бойынша тергеліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 13.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
  • Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
  • Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
  • Алматы облысы мәдениет және архив басқармасында басшы ауысты
  • Сириядан соғысқан Ұлытау тұрғынына үкім шықты

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ЖемқорлықОқиға

Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды

26.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады

26.09.2023
Қоғам

Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

25.09.2023
Қоғам

Қазақстанда ақбөкен саны 1,9 миллионға жетті

25.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?