Алматының бас шыршасы Абай алаңында орнатылады. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін шырша шамын жағу рәсімі мен мерекелік концерт өтеді.
Сонымен бірге қаланың әр ауданында шыршалар орнатылады.
Әкімдіктің хабарлауынша, Алматыны безендіру концепциясын әзірлеу кезінде екі жылдық карантин шектеулерінен кейін мерекелік жаңа жыл атмосферасының рухын жаңғырту мақсаты қойылды. Сондықтан негізгі мерекелік безендіру элементтерінде жылы түстерді қолдану басым болады.
Сондай-ақ Панфилов көшесі, Жібек жолы көшесі сияқты қаланың жаяу жүргіншілерге арналған көшелерінде жарық, безендіру, фотоаймақтар орнатылады.