Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Жалпықалалық жәрмеңкені Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады. Мақсаты — жұмыс іздеушілер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Жәрмеңкеге өнеркәсіп, өндіріс, сауда желілері, тамақтану, медицина, фармацевтика, білім беру салаларынан жұмыс берушілер қатысады,
делінген хабарламада.
Жәрмеңкеде жұмыс берушілер жұмыс іздеушілермен кездеседі, ал іздеушілер қойылған талаптар мен бос жұмыс орындармен танысады. Өтінім берушілер түйіндемені жіберуге және сол жерде алдын ала әңгімелесуге мүмкіндік алады.
Жұмыс берушілер өтінімді prm@cz-almaty.kz поштасына жібере алады немесе +7 (708) 522-44-35 нөміріне хабарласуына болады.
Күні: 19 қазанда сағат 11:00-де
Орны: «Арбат» (Жібек Жолы-Панфилов)
Толығырақ ақпарат алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек:
Достық даңғылы, 85
+7 (727) 310 21 31 / cz-almaty.kz