Categories: ҚоғамОқиға

Алматыда дене шынықтыру мұғалімі оқушы қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 8-сынып оқушысын кабинетіне шақырып алып тиіскен.

Оқиға Ават ауылындағы орта мектепте болған. 8-сынып оқушы, әдеттегідей сабақтан кейін воллейбол секциясына қалған, 53 жастағы мұғалім оны өз кабинетіне шақырып, жаман ниетін іске асырмақшы болған. Қасында бір қыз болған, олар бірге келген, бірақ мұғалім екінші қызды жаттығу залына қайтарып жіберіп, қызыммен жалғыз сөйлескісі келетінін айтыпты.

Сені неге жібергім келмейтінін білесің бе? Неге екенін өзім де білмеймін,

деп айта бастапты.

Қызды өзіне тартып, бетінен сүйе бастаған, кеудесін ұстапты. Ашық тұрған терезенің пердесін жауып тастап, екі қолын жейдесінің астына салған. Сол сәтті сыныптастары қызды дауыстып іздеген. «Мұны екеумізден басқа ешкім білмесін» деп қызды шығарып жіберіпті. Іздеген сыныптастары болмаса мұның арты ауыр зардапқа соқтырар еді.

Анасы бұл туралы «НемолчиКЗ» қорына толық баяндап берген. Анасының айтуынша қызы аяқ астынан өзгеріп, тұйық болып кеткен. Қосымшаға да барғысы келмеді дейді. Оның себебін сұрағанда, бар шындықты естіп, есеңгіреп қалғанын айтады. Мұғалімді жақсы танитындықтан, алғашқыда сене алмаған.

Алайда полицияға берген арыздан кейін ер адам ұсталған жоқ, оның орнына тергеушілер қыздан түнгі үшке дейін жауап алған. Мектепте бейнекамералар болса да, полиция видеоларды алмапты.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепте 13 жыл еңбек еткен. Жасы – 53-те. Мұғалім әлі күнге дейін қызметінен шеттетілген жоқ. Денсаулығына байланысты жұмысқа келмей жүр екен. Алматы облысы білім басқармасының мәлімдемесіне сүйенсек, денсаулығына байланысты демалыстағы мұғалімді уақытша босату заң бойынша мүмкін емес деп отыр.

Тым болмағанда, бұл жағдайға қатысты полиция іс қозғапты.

Аталған дерек ҚР ҚК 124-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Еңбекшіқазақ ауданының полициясында тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды,

дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 124-бабының 2-бөлігі «Жас балаға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекет» бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

44 минуты ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

2 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

19 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago