Әлеуметтік желіде Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында болған жол апатының кадрлары пайда болды. Екі автобус соқтығысып, жолаушылар зардап шеккен. Бір адам қаза тапқан.
Полицейлер соқтығысқан автобустың доңғалағының астынан 40 жастағы ер адамды шығарды.
Полиция автобустардың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлады.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды,
деді полицейлер.