Оқиға Алмалыбақ ауылында болыпты. Полиция мәліметінше олар кілтпен банкоматты ашып, ішінен 12 миллион 882 мың теңге алып кетіпті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді.
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы да тексеріледі.