Categories: Денсаулық

Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог

Алматы қаласы тік ішек пен тоқ ішек обырының салдарынан болатын өлім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Колоректалды обыр ересектер арасындағы өлім-жітімге себепкер дерттер арасында 2-орында тұр.

Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетов қала тұрғындарын  онкоскринингтен өтуге шақырды. Айтуынша, обырдың бұл түрі кең таралған.

Колоректальды ісіктің пайда болуына ең алдымен тұқым қуалаушылық факторы әсер етеді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанбау, қатерлі емес ісіктер салдарынан болатын созылмалы аурулардың бәрі де обыр қаупін күшейтеді. Бойында осы белгілер бар адамдар гастроэнтерологқа қаралып, денсаулығын ерте бастан күте бастағаны абзал,

деді бас дәрігер.

Онкологтың сөзінше, бұл сырқатқа көбіне жасы 50-ден асқандар шалдығады. Сол себепті тік ішек пен тоқ ішек обырына тексеру 50 мен 70 жас аралығындағы азаматтар арасында жүргізіледі.

Жыл сайын Алматы қаласында 100 мыңнан астам еркек пен әйел осы дерт бойынша тексеруден өтеді. Олардың үлкен дәретін жедел әдіспен зерттеп, жасырын қан бар-жоғын анықтаймыз. Бұл нәтижесі 3-5 минутта шығатын жылдам тәсіл. Зерттеу нәтижесі «оң» шығып жатса тоқ ішекті эндоскопиялық құралдармен тексеру қажет болады. Бірақ көп пациенттер одан бас тартады,

дейді онколог.

Кейін мұндай пациенттер ауырып келгенде, 3-4-ші стадиядағы қатерлі ісік анықталып жатады. Ал 4-стадиядағы обырды емдеп-жазу мүмкін емес. Сондықтан маман колоректалды обырды дер кезінде анықтау үшін тексеруден өту қажеттігін ескертеді.

Айта кетерлігі, Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге, соның ішінде халықты онкологиялық сырқаттарға тексеруге қаражат бөледі.

2023 жылы Алматыда онкологиялық скринингтерге Қор тарапынан 1,9 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның 204,9 млн теңгесі колоректалды обырға тексеруге бөлінген.

Еске сала кетсек, профилактикалық скринингтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізіледі. Сондықтан скринингтен өту үшін пациент сақтандырылған болуы шарт. Скринингтен тұрғылықты жердегі емхана арқылы өтуге болады. Үлкен дәреттен қан табылса, іш қату, біресе қатып, біресе өтетін болса, шаршағыштық белгілері жиі байқалса терапевке, хирург неменсе онкологқа қаралу керек.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago