Полиция мәліметінше, ол — 1982 жылғы Алматы тұрғыны.
«Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 99-бабы 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Ұсталған адам аудандық полиция уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салайық, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле ауданының полиция бөліміне Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының өлі табылғаны туралы хабар жеткен. Күдікті қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген.