Алматының Медеу ауданында Көк-Жайлау шатқалындағы құрғақ өсімдіктер жанды. Бұл туралы Іле Алатау ұлттық паркі баспасөз ақпараты хабарлады.
Медеу ауданындағы Көк-Жайлау шатқалының 1 720 метр биіктегі тау бөктерінде құрғақ шөптер жанып, өрт болды. Орман өртін таңғы айналып ұшу кезінде «Казавиаорманқорғау» мекемесінің «Саванна — 8» тікұшағы ұшқышы хабарлаған. Өрт 09:50-де басталған.
Өртті сөндіруге Іле Алатау МҰТП РММ-нен 55 мемлекеттік инспектор барды. Алматы қаласы ТЖД 56 адам, 13 техника, «Қазавиаормақорғау» — 6 адам, ҚР ТЖМ тікұшағы және ұлттық парктің мемлекеттік инспекторларының қызметтік ат патрульі, МҰТП мемлекеттік инспекторларының техникасы жұмылдырылды.
Өрт шыққан жерге шығу қиын әрі өртенген аумақтың биіктігі әртүрлі болғандықтан, сөндіру үшін техниканы қолдану қиын болды. «Ермак» аспалы өрт сөндіргіштері, шанцты құралдар – шартылдақтар мен күректер пайдаланылды.
Жеке құрамды тұтану орнына, яғни 1 720 м. биіктікке жеткізу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы пайдаланылды
Көк Жайлау шатқалындағы өрт сағат 13:03-те ауыздықталды. 13:28-те сөндірілді.