Медеу ауданында лай көшкіні астында қалған төрт адамның денесі табылды.
Олар: 1984 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел адам және 2007 жылғы екі егіз жасөспірім.
Оқиға орнында «Қазсселденқорғау» ММ, Алматы қаласы «109 құтқару қызметі» Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары №47 орта мектепте эвакуацияланған. Тұрғындар өз еріктерімен туыстарының үйіне кетті.
Медициналық топ кезекшілікте, зардап шеккендерді іздеу жалғасуда.