31 желтоқсанда қоғамдық көліктер әдеттегідей сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
1 қаңтарда жылжымалы бірліктің 50%-ы жолға шығарылады.
2-3 қаңтарда қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70%-ы қызмет көрсетеді.
№3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағат 23:00 мен 6:00 аралығында өзгеріссіз қалады.
Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағат 00:30-ға дейін 20 автобус автобус жүретін болады.
Сондай-ақ Алматы метрополитені штаттық режимде сағат 6:20-дан сағ. 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен қызмет көрсететін болады.