Алматыда жаңадан туған сәбилерді сатқандар ұсталды.
Олар жаңа туған нәрестелерден бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді, нәресте үшін ақша төлеуге дайын жұптарды, жалған туу туралы куәлік жасайтындарды іздеумен айналысқан.
Келісімшарт 1-2 миллион теңге аралығында болған. Жалған құжат және анықтама 700 теңгеге сатылған. Бүгінде алты бала саудасына қатысы бар адамдар анықталды,
деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.
«Кәмелетке толмағандарды саудалау» бабы бойынша бес күдікті қамауға алынды. Олардың сәбилерді сатудың кем дегенде алты фактісіне қатысы бар екені анықталды.