Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
24.03.2023
Астанада 5 жасар қыз зорланды
24.03.2023
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
24.03.2023
Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
24.03.2023
Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді
24.03.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Инсайдер > «Алматыда қорқынышты апат болуы мүмкін» — Серік Бүркітбаев
Инсайдер

«Алматыда қорқынышты апат болуы мүмкін» — Серік Бүркітбаев

Таңшолпан Төлеген
Таңшолпан Төлеген 22.07.2022
Обновлено 22.07.2022 в 12:07
Поделиться
Поделиться

Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру орны толмас зардап әкелуі мүмкін. Газ әбден жиналып, қаланың жартысы «көкке ұшып кетуі» ғажап емес. Ал мұндайда адам шығыны болатыны анық, деп есептейді «Қазмұнайгаз» АҚ-ның бұрынғы басшысы, ғалым Серік Бүркітбаев.

Мазмұны
ЖЭО-ны өзгерту оңай емесГаздандыру мен қауіпсіздік стандарттары туралы ертегіАстананы газдандырып, сабақ алдық

Физика-математика ғылымдарының докторы, 60-тан астам ғылыми еңбек авторы, бұрынғы Көлік және коммуникация министрі Серік Мінаварұлы ЖЭО-2-ні газдандыру мүмкіндігі туралы мәселе қатты бұрмаланғанына сенімді.

– Эксперттер Алматыда көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО жұмысы арқасында ауаның ластану деңгейі жоғары екенін, ал мына тәсіл арқылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жыл сайынғы мөлшері 80%-тен аса азаяды деп сендіреді. Іс жүзінде олай емес. Ластанудың аз ғана пайызы ЖЭО-дан келеді. Қалада көліктердің зияны әлдеқайда көп, – дейді ғалым. — Мен Алматы әкіміне ЖЭО-2-ні талқылауға және оны газға көшіруге мүлдем болмайтынын айттым. Бірақ оның кеңесшілері басқаша сөйлейді. Оларға былай дегің келеді:

Жігіттер, түсінбейтін жерге бас сұқпаңдар!

ЖЭО-ны өзгерту оңай емес

ЖЭО-2-ні қолданыстағы мемстандарт бойынша газға ауыстыруға болмайды. Алматы ЖЭО-сы кез келген уақытта жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін қаламыз үшін арнайы жобаланып, салынған әлемдегі жалғыз көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС екені туралы ресми құжат бар. Ол берік тұруы үшін қазандығы 12 метр тереңдікке салынған. Сондықтан мемстандарт бойынша, оны газға ауыстыруға болмайды. Жер астындағы сұйыққоймаларда көп мөлшерде газ жиналуы мүмкін, Оның бәрі бір сәтте сыртқа шығып, Құдай сақтасын, апатты зардаптарға әкелуі мүмкін. Айтпақшы, қоғамдық тыңдауда ЖЭО-ның техникалық директоры бұл теорияны растады.

Ғалым Алматыдағы ЖЭО-ны басқа көмірмен жағуға да болмайтынын айтады.

— ЖЭО сияқты ірі инженерлік құрылымдардың қазандығындағы көмірдің бір түрінен екіншісіне ауыстыруға болмайды. Кеңес заманында барлық ЖЭО тек Екібастұз көміріне есептелген. Басқа ешқайсы емес. Бір рет Кузбасс көмірімен жылытуға тырысты, нәтиже болмады, — деп есептейді ғалым. — ЖЭО газға ауыстыру үшін жабдықтауға болатын көлік емес. Иә, газ арзанырақ, бірақ жылу орталығын көмірден газға ауыстырсақ, қаланың жартысы «көкке ұшып кетуі» мүмкін. Бәрінің басын қатырып, президентті адастырудың қажеті жоқ.

Газдандыру мен қауіпсіздік стандарттары туралы ертегі

— Таулы алқап айналымын қалпына келтірсін. Қаланы желдетудің табиғи механизмі — сол, — деп түсіндірді ғалым. – Газға көшетін болса, бұлай түрлендірмей, жаңадан ЖЭО салу керек. Жаңа газ өндіретін қуат дегеннің бәрі — ертегі! Оларды қай ғасырда саламыз? Келер ғасырда ма? Әуелі Қазақстанның батысынан өнеркәсіптік газ тазарту зауыттарын салу керек. Содан кейін бірнеше миллиард долларға құбыр салып, Алматыға дейін созу қажет. Ең маңызды мәселе – техникалық қауіпсіздік стандарттары.

Алматыдағы барлық электр станциясын немесе жылу электр станциясын көгілдір отынға ауыстырудың қандай болатынын білесіз бе? Көмірге емес, мазутқа емес, газға ауыстырмақшы. Бұл дегеніміз әуелі бөшке салуымыз керек екенін білдіреді. Сонда кем дегенде 3 ай бойы осы электр станциялары үшін апатты жағдайда керек газ қорын сақтауға болады.

Ұзындығы мың немесе үш мың шақырым болатын құбырға бірдеңе болса ше? Мысалы, трактор басып кетсе не болады? Сонда Алматы 3 ай жылусыз қалады!

Миллион тонна көмірді қоймаға аман-есен жібере аламыз, бірақ бізде газ сақтайтын қойма жоқ. Иә, бізде ең жақын жерасты газ қоймасы бар, бірақ ол Алматыдан 500 шақырым жердегі Жамбыл облысында орналасқан. Төтенше жағдайда не істейміз? Сол облысқа барып жылынамыз ба?

Экологиялық жағдайы күрделі Алматының ірі қаласын газға көшіру үшін кешенді тәсіл қажет. Жоба қайда? Бұл жұмыстардың негіздемесі қайда? Мынау сияқты шешімдер не нәрсеге сүйеніп қабылданып жатыр:

Ой, газға көшейікші». Бұлай деп кім айтты? Мына техникалық негізге кім қол қойды? Ондай адам көрмедік!

Астананы газдандырып, сабақ алдық

Біз мәселенің жылдам шешілгенін, жеңіске тез жетуді қалаймыз, сөйте тұра Ұлттық даму қорын толығымен жұмсауға дайынбыз. Бірақ неге? Біз бәрібір уақыт құртамыз, қате шешімдер қабылдаймыз. Сараптама жасап, кәсіби мамандарды шақырайық.

Нұр-Сұлтанды газдандыруға миллиардтаған қаржы жұмсаған тәжірбиеміз бар. Газ сақтауға арналған резерв қоймасы қайда? Ол жоқ. Құбырларды жер астынан тарту мүмкін емес, өйткені топырақ қатты. Сондықтан жұрттың басын қатырып, миллиардтарды желге шашудың қажеті жоқ!

Жалғасы бар. Сұхбаттың екінші бөлімінде мыналарды оқисыз: 90-жылдардағы «жас түріктер» қазіргі «болашақтықтарға» қарағанда не себепті мықтырақ болып шықты? Атақты тұтқын және тыңшылық жасады деп сотталған Серік Бүркітбаев өзін толық ақтау үшін Жоғарғы Сотқа арыз бере ме? Осы және басқасы туралы жақын арада Globalnews.kz сайтынан оқыңыз.

ТЕГи: Главное, Сарапшылар ойы
Таңшолпан Төлеген 22.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
  • Астанада 5 жасар қыз зорланды
  • Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
  • Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
  • Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді

Недавние комментарии

  1. Tem к 1 сәуірден бастап Ресей билігі 400 мың адамды әскерге шақырмақ
  2. Tem к Алматылықтар «Пинта» барларына бойкот жариялады
  3. Tem к «Сүйіп қалсам да, тұрмаймын»: Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты
  4. Tem к Бұл – Ресей. Берген «шубаны» 5 минуттан соң шешіп алды
  5. Tem к Арестович: Екінші Дүниежүзілік соғыста қазақтар — ең үздік әскери күш болды

Вам также может понравиться

Шетел басылымына шолу

Молдова тілі енді жоқ. Неліктен Молдова өз тілін румын тілі деп өзгертті

24.03.2023
Саясат

Таяуда Смайыловтың «премьерлік тағдыры» шешіледі

24.03.2023
Денсаулық

Ораза және эпилепсияға қарсы терапия: дәрігер кеңесі

24.03.2023
Әлеуметтік желіге шолу

Қазақтардың Наурыздағы тамаққа таласы талқыға түсті

24.03.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?