Ресейден келген криминал көліктер жыры қашанғы созылар екен? Алматыда кезекті «егіз» көлік табылды.
Бұл жолы Ресей Федерациясының есебінде тұрған Toyota Estima көліктері тәртіп сақшыларының назарына ілікті, деп хабарлады polisia.kz.
– Біздің бөлімшенің экипажы алдымен егіз көліктің бірін ұстады. Одан әрі, «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, қала жолдарында бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірі мен құжаттармен екі көлік жүргені анықталды. Минивен санаулы минуттарда табылып, ұсталды. Екі жүргізуші де көліктерін заңды түрде сатып алғанын алға тартып, мұның қалай болғанын түсінбейді. Екі шетелдік көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Осы дерек бойынша аудандық Полиция басқармасында ресми тергеу басталды,
деді ЖПҚБ мамандандырылған батальонның командирі Жәнібек Өскембаев.