Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде «Целинный» кинотеатрының орнына құрылыс салатынын айтты. Бұл туралы Zakon.kz. жазды.
Алмалы ауданы тұрғыны кезінде өте танымал болған «Целинный» театрының ендігі жағдай не болатынын сұрады.
Мен — Алматы қаласының тумасымын. Мені «Целинный» кинотеатрының тағдыры қатты алаңдатады. Қазіргі уақытта ол жабылды, біраз жұмыс басталды, қазір олар тоқтатылды. Енді ол не болады?
деп тұрғын әкімнен сұрады.
Ерболат Досаевтың айтуынша, «Целинный» кинотеатрының орнына жаңа қалалық заманауи өнер орталығы пайда болады.
Жұмыс барысында қасбеттің жоғарғы қабаттарының астында бірегей мозаика табылды, сондықтан қажет рұқсаттар алу керек болды. Келесі жылдың соңына дейін Алматыда жаңа мәдениет ошағы бой көтереді деп сенемін. Кинотеатр болғандықтан, ол жаңа заманауи стандарттарға сәйкес келмейді,
деді әкім.