Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендер саны артты.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, түрлі дене жарақаттарымен 17 адам қалалық ауруханаларға жеткізілген. Апат салдарынан барлығы 19 адам зардап шеккен, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенше қаза болған.
Алматы полициясы жол апатынан қаза тапқан адам жаяу жүргінші екенін растады.