Құжаттарын алып, үйден шығармаған.
Алматыда Өзбекстанның 10 азаматын өлтіреміз деп қорқытып, жұмысқа салған, деп хабарлайды Liter.kz.
Басылымның мәліметінше, шетелдіктердің құжаттары мен ұялы телефондарын тартып алып, оларды күштеп жер үйде ұстаған. Құлдыққа түскен үш азамат өз елінің бас консулдығына көмек сұрап жүгініпті. Ер адамдардың айтуынша, бір топ жергілікті тұрғындар оларды зорлық-зомбылықпен қорқытып, еркінен тыс қамауда ұстап отырған.
Өзбектерді күштеп ұстаған азаматтарға қатысты ҚР ҚК 389-бабы (озбырлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Біраз уақыттан кейін Алматының Бас консулдығы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Өзбекстан азаматтары жатқан үйге барып, олар аман-есен Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген.
Тергеу шаралы аяқталған соң, Өзбекстан азаматтарына төлқұжаттары мен жеке заттары қайтарылды. 1 тамызда мигранттар туған жеріне аман-есен оралды.