Алматы қаласында 980 орындық жатақана бой көтереді. Ғимарат Қазақстан-Британ техникалық университетіне тиесілі болады.
Жоба бойынша бұл жайлы жиһаздалған бөлмелері бар жаңа буын жатақханасы, онда өмір сүруге, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалатын болады. 1, 2, 3 және 4 орындық бөлмелер мен оқу кеңістіктері жиһаздалған және интернетпен (wi-fi) қамтамасыз етілген.
Бұдан бөлек, 2023 жылдың соңына дейін 1780 төсек-орынға арналған 3 жатақхананың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Құрылыс жұмысының барысымен министр Саясат Нұрбек танысты. Кездесу барысында министрге 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін 1492 төсек-орынға арналған 5 нысанды қайта жаңарту және 2023 жылдың соңына дейін Алматы қаласында 450 орындық 2 нысанды қайта жаңарту жоспарлары айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін министрдің қатысуымен Семей және Ақтау қалаларында барлық заманауи стандарттарға сай жаңа студенттік жатақханалар ашылған болатын. Бұл 400 орындық Alikhan Bokeikhan University және 500 орындық Yessenov University жатақханалары.