Премьер-министр TAV Airports холдингінің Алматыдағы жаңа халықаралық терминал құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қатысуы маңызды екенін кездесуде атап өтті.
Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі әрі стратегиялық маңызы зор. Жаңа терминал құрылысы жолаушылар тасымалын айтарлықтай арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына жоғары деңгейдегі жайлы қызмет көрсетеді деп күтеміз.
Алматы әуежайы маңызды жобалардың бірі, өйткені ол Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан және қала үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды рөл атқарады.
Жаңа терминал келер жылы жұмысын басауға ниетті.
TAV Airports Holding компаниясы – 1997 жылы Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайын кеңейту және модернизациялау мақсатында құрылған жаһандық әуежай операторы. Бүгінде компания әлемнің 8 еліндегі 15 әуежайды басқарады, 2022 жылы осы әуежайларда жалпы саны 78 млн жолаушыға қызмет көрсетілген.