Фото: ашық дереккөзден
Күні кеше ғана есіктен енген Қасиетті айда Алматыда дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәлеледейтін ерекше шара өтпек. Алматы Орталық мешіті Рамазан айының құрметіне «Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау өткізуді қолға алды. Бұл туралы Алматының Орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жарапазан-Party» байқауы жалпыхалықтық бұқаралық шара болып саналады. Шараға барлық алматылықтар қатыса алады.
Ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайта жаңғырту. Халықты он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен сүйіншілеу. Сонымен қатар Оразаның рухани-моральдық, этикалық тұрғыдан насихаттау,
дейді Алматының бас имамы Төлеби Оспан.
Байқау 2023 жылдың 23 наурыз бен 1 сәуір күндері аралығында өтеді. Жарапазан айтудан өтетін жарыстың қортытындысы 1 сәуір күні шығарылмақ.
Жарысқа жекелеген адамдар, шығармашылық топтар, студенттер мен мешіт шәкірттері, жалпы жамағат қатыса алады.
Байқауға қатысушылар классикалық немесе жаңарған заманауи жарапазан мәтінін ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеусіз халық арасында флеш-моб форматында орындайды. Байқаудың қорытындысы барлық қатысушылар мен әділ-қазылардың қатысуымен Алматы Орталық мешітінде өткізіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар жүлделі І орын (300 000 теңге) ІІ орын (200 000 теңге) ІІІ орын (100 000 теңге) қаржылай сыйлықпен марапатталады. Сонымен қатар ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…