Categories: Денсаулық

Ораза және эпилепсияға қарсы терапия: дәрігер кеңесі

«Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы келіп жетті және көптеген жасөспірімдер ораза ұстағысы келеді». Танымал дәрігер Қайырғали Көнеев эпилепсиямен ауыратын адамдарға кеңес берді.

Сөзбе-сөз:

«Менің көптеген пациенттерімді ораза кезінде емдеуді тоқтатуға болады ма деген сұрақ мазалайды, өйткені ұстамалар болып жүрген жоқ дейді, немесе қабылдауды азайтуға, не эпилепсияға қарсы препаратты (ЭҚП) ішу уақытын өзгертуге қатысты сұрақтар қояды.

Бұл сұрақтардың барлығына жауап – жоқ, мүлдем болмайды.

ЭҚП тоқтатудың критерийлері кем дегенде үш жыл бойы ұстамалардың болмауы және ЭЭГ-де толық санация (эпикомплекстердің болмауы) болып табылады. Егер бұл болмаса, ЭҚП қабылдау керек, тіпті салмақ бойынша доза түзетілуі тиіс. Қандай жағдай болмасын дозаны, қабылдау жиілігін және кестесін өзгертуге болмайды.

Неліктен эпилепсиямен ауыратын жасөспірімге ораза ұстауға болмайды:

Біріншіден, барлық ЭҚП ағзадан шығарылу кезеңі бар. Ағзада тұрақты негізде ЭҚП  емдік концентрациясы болуы керек, әйтпесе концентрацияның төмендеуі салдарынан құрысулар күшеюі және жиіленуі мүмкін, онда ЭҚП дозасын арттыруға немесе тіпті екінші ЭҚП енгізуге тура келеді.

Екіншіден, кейбір ЭҚП тамақпен бірге немесе одан кейін қабылдау керек.

Үшіншіден, эпилепсиямен ауыратын ЭҚП қабылдайтын емделушілер суды жиі ішулері керек, әйтпесе ЭҚП ағзаға уытты әсер ету қаупі жоғары. Уытты әсерлерге байланысты ЭҚП өзгерту немесе дозаны азайту қажет болады, бұл жағдайдың нашарлауына және ұстамалардың жиі болуына әкелуі мүмкін.

Дәрігердің ұсыныстарын орындаңыздар, сонда 80% ықтималдықпен баланы эпилепсиядан емдеп алуға болады. ЭҚП дозасын өз бетіңізше тоқтатпаңыз немесе өзгертпеңіз, оны қатаң түрде уақытылы қабылдаңыз.

Барша мұсылмандарды Қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын!»

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago